Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Жаңалықтар

Астанада санитарлық талап сақталмаған цехтан шыққан ет дүкендер мен дәмханаларға жеткізіліп келген (ВИДЕО)

Астанада санитарлық талап сақталмаған цехтан шыққан ет дүкендер мен дәмханаларға жеткізіліп келген (ВИДЕО)
Сурет ЖИ арқылы жасалған

Астанада полиция қызметкерлері жеке тұрғын үй аумағында жұмыс істеген заңсыз ет өңдеу цехын әшкереледі, деп хабарлайды Arasha.kz, Qaz365.media-ға сілтеме жасап.

Тексеру кезінде цехтың ешқандай рұқсат құжаттарынсыз жұмыс істегені белгілі болды. Сондай-ақ өндіріс орнында санитарлық талаптардың өрескел бұзылғаны анықталған.

Алдын ала мәлімет бойынша, мұнда дайындалған ет өнімдері елордадағы бірқатар дүкен мен қоғамдық тамақтану орындарына жеткізіліп отырған.

Құқық қорғау органдары заңсыз цехтың иелерін әкімшілік жауапкершілікке тартты.

Оқиғаға қатысты тексеру жұмыстары жалғасып жатыр.