Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Жаңалықтар

Баян Алагөзова «Қыз Жібектің» қамзолын қызының ұзату тойына кигізгісі келеді

Баян Алагөзова «Қыз Жібектің» қамзолын қызының ұзату тойына кигізгісі келеді
Сурет ашық дереккөзден алынған

Продюсер Баян Алагөзова тарихи «Қыз Жібек» фильміндегі қамзолдың төңірегінде туындаған пікірталасқа қатысты ойын айтты, деп хабарлайды Arasha.kz, Malim.kz-ке сілтеме жасап.

Продюсердің айтуынша, бұл қамзол бүгінде көптеген қазақ қызының арманына айналған. Ол аталған ұлттық киімді қызы Айарудың ұзату тойында кигізуді қалайтынын жеткізді.

«Қызымды осы қамзолмен ұзатқым келеді. Содан кейін ғана музейге тапсырамын», - деді Баян Алагөзова.

Оның бұл пікірі әлеуметтік желі қолданушылары арасында қызу талқыланып жатыр. Бірі продюсердің тарихи мұраға деген құрметін қолдаса, енді бірі мұндай құнды жәдігердің музейде сақталуы маңызды екенін алға тартуда.

Еске салайық, соңғы уақытта «Қыз Жібек» фильмінде пайдаланылған тарихи камзолдың тағдыры қоғамда кеңінен талқыланып келеді.