Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Жаңалықтар

“Үйде жалғыз қалғанда” фильміндегі актриса қайтыс болды

“Үйде жалғыз қалғанда” фильміндегі актриса қайтыс болды
Фото: әлеуметтік желі

Ирландиялық танымал актриса Бренда Фрикер 81 жасында қайтыс болды, деп хабарлайды Arasha.kz.

Ол көрерменге “Үйде жалғыз қалғанда 2: Нью-Йоркте адасу” фильміндегі көгершіндерге қамқорлық жасайтын әйелдің рөлі арқылы кеңінен танылған.

Актрисаның өмірден өткені туралы оның ұзақ жылдар бойғы агенті Фил Белфилд хабарлады.

Ресми мәлімдемеге сәйкес, Бренда Фрикер 2026 жылғы 17 шілде күні таңертең қысқа уақытқа созылған сырқаттан кейін көз жұмған. Өмірінің соңғы сәтінде оның жанында жақындары болған.

Бренда Фрикер әлемдік кино тарихында «Оскар» сыйлығын жеңіп алған алғашқы ирландиялық әйел ретінде қалды. Ол бұл марапатқа Джим Шериданның “Менің сол аяғым” драмасындағы рөлі үшін ие болған.