Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Жаңалықтар

Джеки Чан Ақтауда жалғыз өзі нан алуға келген видео тарады (ВИДЕО)

Джеки Чан Ақтауда жалғыз өзі нан алуға келген видео тарады (ВИДЕО)
Фото: Видеодан кадр

Аңызға айналған актер Джеки Чан қазақстандықтарды қарапайымдылығымен тағы да таңғалдырды, деп хабарлайды Arasha.kz.

Бұл жолы оны Ақтаудағы сауда ойын-сауық орталықтарының бірінде ешқандай күзетсіз әрі еріп жүрген адамдарсыз серуендеп жүрген жерінен байқаған.

Куәгерлердің айтуынша, актер алдымен дүкен сөресіне барып, жаңа піскен нан сатып алған. Бірнеше минуттан кейін ғана сауда орталығына келгендер әлемге әйгілі жұлдызды танып, оның маңына суретке түсуге ниет білдірген жанкүйерлер жиналды.

Еске салайық, Джеки Чан Қазақстанға «Құдайдың сауыттары» («Доспехи Бога») фильмінің жалғасын түсіруге келген. Түсірілім жұмыстарының негізгі бөлігі Алматы қаласы мен Маңғыстау облысында өтуде.