Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Жаңалықтар

Атырау - Ақтөбе пойызында билетсіз жолаушы көз жұмды

Атырау - Ақтөбе пойызында билетсіз жолаушы көз жұмды
Фото: freepik

Қайғылы жағдай 13 шілде күні №691/692 жолаушылар пойызында болған, деп хабарлайды Arasha.kz.

Пойыз бастығының айтуынша, жолаушы билетсіз жүрген. Оны вагонға жолсерік мінгізген. Жол үстінде ер адам кенеттен қайтыс болған. Компания вагондағы кондиционердің қалыпты жұмыс істегенінін мәлімдеді. 

Пойыз Ақтөбе станциясына жеткен соң марқұмның мәйіті қажетті процессуалдық шараларды жүргізу үшін уәкілетті органдардың қызметкерлеріне тапсырылды.

Қызметтік тексеруден кейін оның қорытындысы бойынша екі жолсерік пен пойыз бастығы жұмыстан шығарылды.