Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Жаңалықтар

Меруерт Өтекешова «Қыз Жібек» фильмінде киген тарихи қамзол туралы дауға нүкте қойды

Меруерт Өтекешова «Қыз Жібек» фильмінде киген тарихи қамзол туралы дауға нүкте қойды
Коллаж ЖИ арқылы жасалған

Қазақстанның халық әртісі Меруерт Өтекешова осыдан 56 жыл бұрын «Қыз Жібек» фильмінде киген тарихи қамзолының өзіне қайта табысталғанын айтып, қуанышын бөлісті, деп хабарлайды Arasha.kz, Sn.kz-ке сілтеме жасап.

Актриса әлеуметтік желідегі парақшасында бұл киімнің өзі үшін ерекше естелік екенін айтып, тебіренісін жеткізді.

«Бүгін жүрегім ризашылыққа толы. Арада қаншама жыл өткен соң, “Қыз Жібек” фильмінде киген қамзолым қайтадан өз қолыма тиді. Бір кезде ол сомдаған кейіпкерімнің ажырамас бөлшегі болса, бүгінде өткен күндердің ең қымбат естелігіне айналды. Қолыма алған сәтте түсірілім алаңындағы ұмытылмас күндер мен бірге еңбек еткен аяулы жандар көз алдыма келді. Осы қамзолмен араға 56 жыл салып қайта қауыштым. Оны маған табыстаған Баян Мақсатқызына алғысым шексіз. Енді бұл жәдігерді Астанадағы ірі музейлердің біріне тапсыруды жоспарлап отырмын», - деп жазды Меруерт Өтекешова.

Актрисаның айтуынша, тарихи қамзол енді көпшілік тамашалай алатын музей қорына өткізілмек.

Еске салайық, бұған дейін продюсер Баян Алагөзова Меруерт Өтекешоваға сыйға тартқан пәтерін көрсетіп, қоныс тойын жасаған болатын. Бұл уәдесін ол екі ай бұрын берген еді.