Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Жаңалықтар

Дәрігерлер 5-қабаттан құлаған баланың өмірін сақтап қалды

Дәрігерлер 5-қабаттан құлаған баланың өмірін сақтап қалды
Фото: freepik

Алматыдағы дәрігерлер бесінші қабаттың терезесінен құлаған төрт жасар баланы аман алып қалып, оның аяққа тұруына мүмкіндік жасады, деп хабарлайды Arasha.kz.

Оқиға баланың масаға қарсы торға (москит торына) сүйеніп, оның салмағын көтере алмаған тордың сынып кетуінен болған. Салдарынан бүлдіршін биіктен құлап, ауыр жарақат алған.

Алматы қалалық Балаларға шұғыл медициналық көмек көрсету орталығының нейрохирургтері екі кезеңнен тұратын күрделі ота жасаған.  

Дәрігерлердің кәсіби шеберлігінің арқасында баланың өмірі аман қалды.  Мамандардың айтуынша, алдағы оңалту емінен кейін бүлдіршіннің өздігінен жүруіне толық мүмкіндік бар.

Дәрігерлер ата-аналарға масаға қарсы торлардың балаларды құлаудан қорғай алмайтынын тағы бір мәрте еске салып, кішкентайларды қараусыз қалдырмауға және терезелерге арнайы қауіпсіздік бекіткіштерін орнатуға шақырды.