Продюсер Баян Алагөзова әнші Ерке Есмахан туралы жылы пікір білдіріп, сонымен қатар әзіл аралас естелігін айтып, әлеуметтік желі қолданушыларының қызу талқысына себеп болды, деп хабарлайды Arasha.kz.
Желіде тараған видеода Баян Алагөзова Еркенің сахнадағы өнеріне әрдайым тәнті болатынын жасырмай, оған ақ тілегін жеткізді.
«Аққу, сахнаға шыққаныңда тамсанамын. Даусың бізді қуанта берсін», - деді продюсер.
Алайда әңгіме барысында ол Еркемен болған қызықты оқиғаны да еске алды. Айтуынша, бірде мейрамханада өзі «медовый тортқа» тапсырыс берген сәтте Ерке даяшыға әзілдеп:
«Маған да медовый торт әкелесіз бе?» - деген.
Осыдан кейін Баян Алагөзова әзіл-қалжыңсыз жүре алмайтынын айтып:
«Минусын айтып, тиіспесе Баян, Баян емес», - деп күлді.
Желі қолданушылары бұл сөзден кейін түрлі пікір білдіріп, «Баян не Баян, егер әзілдеп қағытпаса» деген сарындағы пікірлерін жарыса жазуда. Көпшілік продюсердің бұл сөзін оның әзілқой мінезімен байланыстырып, жылы қабылдаған.