Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Жаңалықтар

Үш әйелі бар блогерге айыппұл салынды

Үш әйелі бар блогерге айыппұл салынды
Фото: әлеуметтік желі

Үш әйел алып, отбасын асырауға ақша жетпей жатқанын айтқан блогерді полиция жазалады, деп хабарлайды Arasha.kz.

Ер адам көп әйел алуды насихаттайтын жазбалары үшін жауапкершілікке тартылды.

Жарияланған видеоларда ер адам көп әйел алу туралы айтып, мұндай өмір салтын қалыпты әрі қолайлы құбылыс ретінде көрсеткен.

Полицияның мәліметінше, мұндай контент Қазақстан заңнамасына қайшы келеді және отбасы институтына деген құрметке нұқсан келтіреді. Ер адамға 86 500 теңге көлемінде айыппұл салынды.

Сондай-ақ полицейлермен әңгімелескеннен кейін ер адам парақшасындағы жарияланымдарды өз еркімен өшірген.