Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Жаңалықтар

Көкшетауда жұмысқа кеткен жігіттің денесі табылды

Көкшетауда жұмысқа кеткен жігіттің денесі табылды
Фото: freepik

22 шілдеде 18 және 17 жастағы екі жігіт металмен жұмыс істеп жатқанда тоқ соққан, деп хабарлайды Arasha.kz.

Жұмыс кезінде қатты жел соғып, металл электр желісіне құлаған. Салдарынан екі бозбаланы тоқ соққан.

«Алдын ала мәліметтер бойынша, 2008 жылы туған жас жігітті  электр тогы соққан. Жедел жәрдем бригадасы келгенде жігіт қайтыс болған», - дейді Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасындағылар.

Ал оқиға орнында бірге болған 17 жастағы бозбала аман, ауруханаға жатқызылды. Дәрігерлер оның өміріне қауіп жоқ дейді.