Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Жаңалықтар

Пәтерден 3 жыл бойы қараусыз қалған адамның мәйіті табылды (ВИДЕО)

Пәтерден 3 жыл бойы қараусыз қалған адамның мәйіті табылды (ВИДЕО)
Коллаж: Видеодан кадр

Полицияға пәтерден жағымсыз иіс шығып жатқаны туралы хабарлама түскеннен кейін қызметкерлер оқиға орнына барған. Есікті ашқан сәтте оларды адам шошырлық көрініс күтіп тұрған, деп хабарлайды Arasha.kz.

Оқиға орнынан видео тарап кетті. Пәтер ішінен шамамен үш жыл бұрын қайтыс болған адамның сүйек қалдықтары, сондай-ақ бірнеше мысықтың сүйектері табылған. Ең таңғаларлығы – осы уақыт бойы үй ішінде радио тоқтаусыз жұмыс істеп тұрған. Оның қалай үш жыл бойы қосулы болғаны әзірге белгісіз. 

Бұл оқиға тағы бір сұрақ туындатып отыр. Адамның үш жыл бойы жоғалғанын ешкім байқамаған, ал көршілер де пәтерден шыққан мәйіт иісіне мән бермеген. Қазір оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.