Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Жаңалықтар

«Шындықты толық білмей жатып айыптамаңыз»: Ажырасқалы жатқан блогердің күйеуі үндеу жасады

«Шындықты толық білмей жатып айыптамаңыз»: Ажырасқалы жатқан блогердің күйеуі үндеу жасады
Сурет ашық дереккөзден алынған

Белгілі блогер Талғат Итаев әлеуметтік желіде жеке өміріне қатысты тараған пікірлерге жауап беріп, жұртшылықты асығыс қорытынды жасамауға шақырды, деп хабарлайды Arasha.kz.

Блогердің айтуынша, адамдардың біржақты ақпаратқа сеніп, оқиғаның мән-жайын толық білмей жатып пікір айтуы дұрыс емес.

«Біреудің өсек-аяңына сүйеніп, қорытынды жасауға кеңес бермеймін. Барлық шындықты білмей тұрып, адам туралы жаман пікір айтудың қажеті жоқ. Бұл жағдайды бұрынғыдай көпшілік алдында талқылағым келмейді. Өйткені мұндай мәселелер отбасы ішінде шешіліп, сонда ғана талқылануы керек деп ойлаймын», - деп жазды Талғат Итаев.

Сондай-ақ ол қандай жағдай болса да, балаларының жанынан табылатынын және оларды ешқашан қараусыз қалдырмайтынын жеткізді.

Еске салайық, бұған дейін блогер Айым Сейтметова жұбайы Талғат Итаевпен ажырасу туралы шешім қабылдағанын мәлімдеген болатын.

Осыдан кейін ерлі-зайыптылардың қарым-қатынасына қатысты пікір білдірген тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы әлеуметтік желі қолданушыларының сынына ұшыраған еді.