Қазақстан Ұлттық банкі базалық мөлшерлемені 16,75%-ға дейін төмендету туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Arasha.kz.
Ұлттық банктің мәліметінше, мөлшерлеменің төмендеуі инфляцияның тұрақты баяулауына, теңгенің нығаюына және баға өсіміне қатысты болжамдардың жақсаруына негізделген. Реттеуші алдағы уақытта да ақша-несие саясаты бойынша шешімдерді инфляция қарқыны мен экономикалық көрсеткіштерге қарай қабылдайтынын мәлімдеді.
Базалық мөлшерлеме - екінші деңгейлі банктердің несие беруі мен депозиттік мөлшерлемелеріне әсер ететін негізгі қаржы көрсеткіші. Сондықтан оның төмендеуі болашақта несие құнына да ықпал етуі мүмкін.