Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Жаңалықтар

Қазақстандықтар жиі баратын Фукуок аралында 15 адам қаза тапты

Қазақстандықтар жиі баратын Фукуок аралында 15 адам қаза тапты
Сурет ашық дереккөзден алынған

Вьетнамның туристер арасында танымал Фукуок аралы маңында жолаушылар мінген катер аударылып, салдарынан 15 адам қаза тапты, деп хабарлайды Arasha.kz, Bairaq_Media-ға сілтеме қалдырып.

Алдын ала мәлімет бойынша, катерде барлығы 36 адам болған. Оның 32-сі - Үндістан азаматтары, қалған төртеуі - экипаж мүшелері. Кеме Хон Мэй Рут Нгоай аралына бет алған кезде жағалаудан шамамен 400 метр қашықтықта аударылған.

Оқиға орнына алғаш болып маңайдағы туристік кемелердің экипаждары жетіп, зардап шеккендерді құтқаруға кіріскен. Кейін іздестіру-құтқару жұмыстарына Вьетнамның шекара қызметі, әскери-теңіз күштері, жағалау күзеті және төтенше жағдайлар қызметі жұмылдырылды.

Қазіргі мәлімет бойынша, 21 адам аман құтқарылып, түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілген. Қаза тапқандардың мәйіттері табылып, олардың жеке басы анықталуда.

Әзірге катердің не себепті аударылғаны ресми түрде жарияланған жоқ. Оқиғаның нақты мән-жайын Вьетнамның құзырлы органдары анықтап жатыр.