Көкшетаудағы автожуу кешенінің аумағында болған қайғылы оқиға салдарынан 18 жастағы жігіт қаза тапты, деп хабарлайды Arasha.kz, Bairaq_Media-ға сілтеме қалдырып.
Алдын ала мәлімет бойынша, оқиға металл конструкциясын бөлшектеу жұмыстары кезінде болған. Жұмысшылар жоғары кернеулі электр желісіне жанасып кеткен.
Салдарынан 18 жастағы жігіт оқиға орнында көз жұмды. Сонымен қатар, кәмелетке толмаған тағы бір жұмысшы ауыр халде ауруханаға жеткізілген. Дәрігерлердің айтуынша, қазіргі таңда оның жағдайы тұрақты, өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.
Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Құзырлы органдар оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр.