Әнші Жігер Ауыпбаевтың тікелей эфирде айтқан сөзі әлеуметтік желіде қызу талқыға түсті. Кейін оның жұбайы Мумина бұл жағдайға қатысты пікір білдіріп, күйеуінің сөзін түсіндірді, деп хабарлайды Arasha.kz.
Бұған дейін оқырмандардың бірі Жігерден жұбайының немен айналысатынын сұраған. Әнші еш ойланбастан: «Махаббатпен айналысады», - деп жауап берген. Бұл сөз желі қолданушыларының сынына ұшырап, көпшілік оны орынсыз әзіл деп бағалады.
Осыдан кейін Мумина әлеуметтік желіде пікір білдіріп, жұбайын ақтап шықты. Оның айтуынша, Жігер қойылған сұрақты дұрыс түсінбей қалған.
«Ол жай ғана сұрақты түсінбей қалды. Ешқандай жаман ой болған жоқ», - деп түсіндірді Мумина.
Ол сондай-ақ күйеуінің ешкімді ренжітуді немесе келемеждеуді мақсат етпегенін айтып, желідегі пікірлерге түсіністікпен қарауға шақырды.
Желі қолданушыларының пікірі екіге жарылды. Бірі Муминаның түсініктемесін қабылдаса, енді бірі Жігердің айтқан сөзі әзіл болса да, көпшілік алдында мұндай жауаптың орынсыз болғанын жазуда.