Әлеуметтік желіде итті көлікке арқанмен байлап, жол бойымен сүйреп бара жатқан ер адамның видеосы кеңінен тарап, қоғамның қызу талқысына түсті, деп хабарлайды Arasha.kz, Salemnews_kz-ке сілтеме қалдыра отырып.
Желіде тараған кадрларда иттің Damas көлігіне байланып, жол бойымен сүйреліп бара жатқанын көруге болады. Видео қысқа уақыт ішінде көпшілік назарын аударып, қолданушылар бұл әрекетті жануарға жасалған қатыгездік деп бағалап, кінәлі азаматты жауапқа тартуды талап етуде.
Қазіргі уақытта оқиғаның нақты қай өңірде болғаны белгісіз. Сондай-ақ құқық қорғау органдары бұл жағдайға қатысты әзірге ресми мәлімдеме жасаған жоқ.
Әлеуметтік желі қолданушылары құзырлы органдардан оқиғаға құқықтық баға беріп, кінәлілерді жауапкершілікке тартуды сұрап жатыр.
Егер құқық қорғау органдары ресми ақпарат таратса немесе істің мән-жайы нақтыланса, қосымша мәлімет жарияланады.