Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Жаңалықтар

«Нұрай бірінші пышақ салды»: күдікті сотта оқиғаның өз нұсқасын айтты

«Нұрай бірінші пышақ салды»: күдікті сотта оқиғаның өз нұсқасын айтты
сурет ашық дереккөзден алынған

Шымкентте Нұрайдың өліміне қатысты қылмыстық іс бойынша басты сот отырысы басталды. Сотта 29 жастағы айыпталушы Шерхан Аймахан жауап беріп, қайғылы оқиғаға қатысты өз нұсқасын баяндады, деп хабарлайды Arasha.kz, kznews.kaz-ға сілтеме қалдыра отырып.

Айыпталушының айтуынша, ол Нұраймен 2025 жылдың жазында танысып, араларында қарым-қатынас басталған. Оның сөзінше, қызға үнемі қаржылай көмектесіп, сыйлықтар берген, ал қазан айында екеуі үйленуге келіскен.

Шерхан Аймаханның мәлімдеуінше, 11 қаңтар күні ол Нұраймен кездесіп, айырылысатынын айтып, бұрын сыйлаған сақинасын қайтарып алмақ болған.

Соттағы жауабында айыпталушы сол сәтте Нұрай ашуланып, сақинаны көшеге лақтырып жібергенін, кейін олардың арасында жанжал туындағанын айтты.

«Мен айырылысамыз деген кезде ол ашуланып, сақинаны көшеге лақтырып жіберді. Кейін кеудеме соққы жасап, балағат сөздер айта бастады. Бір кезде қалтамда пышақ барын сездім. Кішірек пышақты шығарып, оған ұстатып: “Ұрғанша, пышақтай сал” дедім. Нұрай пышақты алып, оң жақ бүйіріме сұқты. Одан кейін не болғаны есімде жоқ», - деді айыпталушы.

Сондай-ақ ол Нұрайдың туыстары олардың қарым-қатынасы туралы білгенін және кездесулеріне келісім бергенін де мәлімдеді.

Айта кетейік, бұл - айыпталушының соттағы жауабы ғана. Іс бойынша соңғы құқықтық бағаны сот тергеу нәтижесінде береді.