Әнші Мөлдір Әуелбекова әлеуметтік желідегі парақшасында Сүгірдің термесін эстрадалық үлгіде орындап, бұл бағытқа жол ашқан продюсер Қыдырәлі Болманға алғыс білдірді, деп хабарлайды Arasha.kz.
Өнер иесінің айтуынша, Сүгірдің термесін эстрадалық нұсқада алғаш болып Қыдырәлі Болман орындаған. Әуелбекова сол алғашқы нұсқаны естіген сәттегі әсерін ерекше ықыласпен еске алды.
«Сүгірдің термесін эстрадалық нұсқаға салып, ең алғаш рет орындаған Қыдырәлі Болман аға. Сол алғашқы нұсқаны естігенімде денем түршіккен. Қысқасы, термелер мен халық әндерін эстрадаға салу жолын көрсетіп бастап бергені үшін шексіз алғыс! Жалғасын жалғастырып келеміз!» - деп жазды әнші.
Мөлдір Әуелбекова ұлттық музыканы заманауи форматта насихаттау ісіне үлес қосқан Қыдырәлі Болманның еңбегін жоғары бағалап, бұл бағытты алдағы уақытта да жалғастыра беретінін жеткізді.