Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Жаңалықтар

Аша Матай өзіне айтылған сынға жауап берді (ВИДЕО)

Аша Матай өзіне айтылған сынға жауап берді (ВИДЕО)
Сурет: скриншот

Белгілі әнші әрі Құрылтай депутаттығына үміткер Аша Матай өзіне қатысты әлеуметтік желіде айтылып жатқан сын-пікірлерге жауап берді, деп хабарлайды Arasha.kz.

Өнер иесі әлеуметтік желідегі видеосында қоғамды дау-дамайды ушықтырмай, ортақ іске жұмылуға шақырды. Оның айтуынша, дәл қазір бір-бірінен мін іздеуден гөрі ел игілігі үшін бірлесіп еңбек ету маңызды.

«Тырнақ астынан кір іздемей, бірге жұмыс істейікші, ағалар», - деді Аша Матай.

Әнші бұл сөзін өзіне бағытталған түрлі сындар мен пікірталастар аясында айтты. Ол көпшілікті орынсыз айыптаулардан гөрі конструктивті диалогқа және ортақ мақсатқа жұмылуға үндеді.

Айта кетейік, бұған дейін танымал заңгер Мейірман Шекеев Аша Матайды ашық пікірталасқа шақырған болатын. Осыдан кейін әлеуметтік желіде әншінің Құрылтай депутаттығына үміткерлігіне қатысты түрлі пікірлер айтыла бастаған еді.