Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Жаңалықтар

Қостанайда ерекше балалар интернатында 14 жастағы жасөспірім көз жұмды

Қостанайда ерекше балалар интернатында 14 жастағы жасөспірім көз жұмды
Фото: freepik

Ақпаратты облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Динара Қарымсақова  растады, деп хабарлайды Arasha.kz.

Оқиға 28 шілдеде болған. Қарымсақованың айтуынша,  баланың сол күнгі жағдайы жақсы болған.

«Дене қызуы көтерілмеген, шағымдар тіркелмеген. Бала белсенділік танытып, түскі асын ішкеннен кейін күндізгі ұйқыға жатқызылған болатын», - дейді ол.

Полиция аталған іске қатысты қылмыстық іс қозғады. Өлімнің себебі тергеу барысында анықталады.
Ал Қостанай облысы құқық қорғау орталығы 14 жастағы мүмкіндігі шектеулі бала қатты ыстықтан жүрегі тоқтап қалғанын хабарлады. Себебі орталық қызметкерлері бөлмелерде салқындатқыштың жоқтығына шағымданған. Алайда бұл ақпарат жоққа шығарылды.