Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Жаңалықтар

Димаш Құдайбергеннің қарындасы мен күйеу баласы жақсы жаңалықтарымен бөлісті

Димаш Құдайбергеннің қарындасы мен күйеу баласы жақсы жаңалықтарымен бөлісті
Фотоколлаж Liter.kz

Димаш Құдайбергеннің қарындасы Раушан Құдайбергеннің жұбайы, жас әнші Ермахан Аймахан жаңа әнін жарыққа шығарды, деп хабарлайды Arasha.kzkznews.kz сайтына сілтеме жасап.

Өнерпаз бұл туралы Instagram парақшасында хабарлап, жаңа туындысының барлық танымал музыкалық платформаларда қолжетімді екенін мәлімдеді.

Жаңа әнді әлеуметтік желі қолданушылары мен Димаш Құдайбергеннің жанкүйерлері жылы қабылдады. Олар Ермахан Аймаханға шығармашылық табыс тілеп, жаңа туындысының сәтті болуына ақжарма тілектерін жеткізді.

Пікір қалдырған тыңдармандар жас әншінің шығармашылығына қолдау білдіріп, Ермахан Аймахан мен Раушан Құдайбергенге отбасылық бақыт тіледі.

«Жаңа әніңіз сәтті болсын!», «Шығармашылығыңыз өрге бассын!», «Жарасымды жұпсыздар!» - деп жазды желі қолданушылары.

Осылайша, Ермахан Аймаханның жаңа әні көпшіліктің қызығушылығын тудырып, әлеуметтік желіде оң пікірлерге ие болды.