Журналист Ұлжан Мұханбек әлеуметтік желіде продюсер әрі тележүргізуші Аша Матайға қатысты пікір білдіріп, заңгер Мейірман Шекеевтің қоғамға сіңірген еңбегін жоғары бағалайтынын айтты, деп хабарлайды Arasha.kz kznews.kz-ке сілтеме жасап, деп хабарлайды Arasha.kz, kznews.kaz-ға сілтеме қалдырып.
Ұлжан Мұханбектің айтуынша, Мейірман Шекеев резонансты істерге араласып, шетелдегі қазақстандықтарға құқықтық көмек көрсетіп, қазақ тілінің дамуына үлес қосып жүрген азамат.
Ол жазбасында Аша Матайға қарата:
«Ал халыққа сіздің қай еңбегіңіз сіңді?» - деген сауал қойды.
Сондай-ақ журналист Аша Матайдың «дауласпаймын» деген ұстанымына да тоқталып, егер болашақта қоғамдық немесе мемлекеттік деңгейдегі жиындарға қатысатын болса, пікірталастан қашу мүмкін емес екенін атап өтті.
Жазба соңында әр адамның өз саласында адал еңбек еткені дұрыс екенін айтып, ойын:
«Тауық сойса да, қасапшы сойсын», - деген мақалмен түйіндеді.