Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Жаңалықтар

Диана Скатованың ұзатуынан әсерлі кадрлар жарияланды (ВИДЕО)

Диана Скатованың ұзатуынан әсерлі кадрлар жарияланды (ВИДЕО)
Коллаж ЖИ арқылы жасалған

Тележүргізуші Диана Скатова ұзатылып, қуанышты сәттің видеоларымен әлеуметтік желіде бөлісті, деп хабарлайды Arasha.kz.

Ұзату тойы ұлттық дәстүрге сай, қазақы нақышта ұйымдастырылған. Салтанатты кешке өнер және медиа саласындағы танымал тұлғалар, сондай-ақ «Қослайқ» пен «Сезім бағы» жобаларының қатысушылары мен жүргізушілері қатысты.

Қонақтардың қатарында Салтанат Бақаева, Разия, Есентай, Айнұр Ілиясова, Аша Матай, Бота Миа және Анна Данченко болды. Олар ұзату рәсімінен әсерлі сәттермен бөлісіп, Дианаға ақ тілектерін арнады.

Сондай-ақ ұзату барысында күйеу жігіттің ата-анасы 3 миллион теңге көлемінде қалың мал бергені белгілі болды. Бұл жайт әлеуметтік желі қолданушыларының да қызу талқысына түсті.

Той толықтай қазақы дәстүрге сай өтті. Ұлттық салт-дәстүрлер сақталып, безендірілуі мен дастарханы да қазақы стильде ұйымдастырылды. Қонақтардың басым бөлігі де ұлттық нақыштағы киім киіп, салтанаттың ерекше атмосферасын айшықтай түсті.

Еске салайық, бұған дейін Диана Скатова мен Сұлтанның сырға салу рәсімі, неке қиюы және құдалығы өткен болатын. Енді көпшілік жұптың ақ тойын асыға күтуде.