Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Жаңалықтар

Wildberries-тен кейін енді Ozon қоймасына да дрон шабуылдап жатыр

Wildberries-тен кейін енді Ozon қоймасына да дрон шабуылдап жатыр
Фото: Видеодан кадр

31 шілдеге қараған түні Украина Қорғаныс күштері Ресейдің Татарстан Республикасындағы Ozon маркетплейсінің логистикалық орталығына дронмен соққы жасады, деп хабарлайды Arasha.kz.

Желіде жарияланған кадрларда Татарстанның Зеленодольск қаласындағы қойма маңында ұшақ үлгісіндегі ұшқышсыз ұшу аппаратының ұшып бара жатқаны, ал қызметкерлердің ғимараттан жаппай сыртқа жүгіріп шыққаны көрінеді. Бірнеше секундтан кейін дрон қойма кешенінен ондаған метр қашықтықта жарылған.

Мәліметтерге сәйкес, бұл – Украина күштерінің Ozon логистикалық орталығына жасаған алғашқы шабуылы. Бұған дейін мұндай соққылар негізінен Wildberries маркетплейсінің қоймаларына бағытталған болатын.

Кейбір дереккөздердің жазуынша, Украина тарапы Wildberries қоймаларын Ресейдің әскери қажеттіліктеріне пайдаланылатын тауарлардың сатылуы және санкцияға ілінген өнімдердің жеткізілуіне ықпал етеді деп есептейді.