Әнші Әділет Жауғашар әлеуметтік желіде тағы да қызу талқыға түсті. Бұл жолы желіде тараған видеода әнші бойжеткенмен бірге көңілді бейнежазба түсіріп, оқырмандар арасында түрлі пікір тудырды, деп хабарлайды Arasha.kz.
Желі қолданушылары видеодағы бойжеткеннің әншінің бейнебаяндарында жиі көрінетін бишілердің бірі екенін жазуда. Сонымен қатар көпшілік Әділеттің отбасылы, бір баланың әкесі екенін еске салып, түрлі пікір білдіріп жатыр.
Еске салайық, бұған дейін Әділет Жауғашардың «Сұлудың жоқ дегені иә» әні де қоғамда үлкен дау туғызған болатын. Ән мәтініндегі «жоқ» сөзінің мағынасына қатысты қызу пікірталас өршіп, бұл тақырып әлеуметтік желілерде кеңінен талқыланды. Кейін әнші бұл мәселеге қатысты өз ұстанымын білдіріп, әннің астарында ешқандай теріс мағына жоқ екенін айтқан еді.
Қазіргі уақытта жаңа видеоға қатысты да пікірлер екіге жарылған. Бірі мұны қарапайым контент деп қабылдаса, енді бірі әншінің жеке өміріне байланысты түрлі болжам айтып жатыр. Ал Әділет Жауғашар бұл видеоға қатысты әзірге ресми пікір білдірген жоқ.