Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Жаңалықтар

Блогер Бота Миа-ға дейін де шенеуніктеріміз туды жамбасқа басқан ба?

Блогер Бота Миа-ға дейін де шенеуніктеріміз туды жамбасқа басқан ба?
Коллаж: ult.kz

Қазір әлеуметтік желіде блогер Бота Мианың қырғызстандық балаға сыйлаған тұлпарының жабуы қызу талқыланып жатыр, деп хабарлайды Arasha.kzult.kz-ке сілтеме қалдырып.

Бірақ дәл осындай шу бірнеше жыл бұрын шенеуніктердің де басынан өткен. 

Айта кетейік, Атырау облысы Құрманғазы ауданында 63 жастағы депутаттың мемлекеттік тудың бейнесі бар жабынды жабылған атқа мінген сәті әлеуметтік желіде қызу талқыға түскен. Көпшілік мұны депутат мемлекеттік туды қорлап отыр деп қабылдап, әрекетке наразылық білдірді.

Алайда аудан әкімдігі бұл жағдайға қатысты түсініктеме берді.

«Бұл сыйлық Құрманғазы ауданы Еңбекші ауылдық округі тұрғындары мен Ардагерлер кеңесі қоғамдық бірлестігі атынан жасалды. Туған күн иесіне құрмет ретінде атқа Қазақстан Республикасының мемлекеттік туының элементтері бейнеленген арнайы жабынды жабылды. Аталған жабынды зоодүкеннен сатып алынғанын атап өтеміз», - деп мәлімдеді әкімдік.

Осылайша, әкімдік атқа жабылған бұйым мемлекеттік тудың өзі емес, тек ту элементтері бейнеленген арнайы жабынды екенін түсіндірген болатын. 

Дәл сол сияқты, Бота Миа да ат үстіндегі жабынды мемлекеттік рәміз емес екенін баса айтты. 

«Аттың үстіне жабылған дүние мемлекеттік ту емес. Бұл дүкенде сатылатын, атқа арналған арнайы жамылғы. Онда мемлекеттік тудың бейнесі жоқ, тек Қазақстанды білдіретін күн мен қыран элементтері ғана қолданылған, - деп жазды блогер.

Ол заңгерлермен де ақылдасқанын жеткізді.