Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Жаңалықтар

Кәсіпкердің киім дүкені ашылуына бір күн қалғанда өртеніп кетті (ВИДЕО)

Кәсіпкердің киім дүкені ашылуына бір күн қалғанда өртеніп кетті (ВИДЕО)
Фото: Видеодан кадр

Астанада кәсіпкердің киім дүкені ашылуына небәрі бір күн қалғанда өртке оранды, деп хабарлайды Arasha.kz.

Оқиға орнынан видео тарады. Дүкен иесінің айтуынша, өрт туралы ол дабыл жүйесі іске қосылғаннан кейін ғана білген. Оқиға орнына жеткен құтқарушылар ғимаратқа терезелерді сындырып кіріп, жалынды сөндіруге кіріскен.

Астана қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өрт ғимараттың бірінші қабатында шыққан. Салдарынан бөлменің төбесі, жиһаздар және сатылымға дайын тұрған киім-кешек пен өзге де тауарлар жанған.Өрттің жалпы аумағы 50 шаршы метрді құрады.

Қазіргі уақытта өрттің нақты шығу себебі анықталып жатыр. Зардап шеккендер туралы ақпарат жарияланған жоқ.