Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Жаңалықтар

Құланда 25 жастағы жігіт оқтан қаза тапты

Құланда 25 жастағы жігіт оқтан қаза тапты
Сурет ЖИ арқылы жасалған

Жамбыл облысы Құлан ауылында 25 жастағы жігіттің оққа ұшу фактісі бойынша қылмыстық іс тергеліп жатыр, деп хабарлайды Arasha.kz, Qaz365.media-ға сілтеме қалдырып.

Марқұмның туыстарының айтуынша, қайғылы оқиға түнде болған. Олар күдіктілердің бірнеше адам болуы мүмкін екенін алға тартып, істің барлық мән-жайын жан-жақты әрі әділ тергеуді талап етіп отыр.

Сондай-ақ жақындары тергеу барысында оқиғаға қатысы болуы ықтимал барлық адамның әрекетіне құқықтық баға берілуі қажет деп есептейді.

Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары қылмыстық іс бойынша тергеу жұмыстарын жалғастырып жатыр. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда.

Толығырақ ақпарат ресми тергеу аяқталғаннан кейін белгілі болады.