Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы ақпараттық кеңістікте шілде айында таралған жалған ақпараттарды жоққа шығару бойынша кезекті шолуын жариялады, деп хабарлайды Arasha.kz.
Шолуға қаржы, әлеуметтік саясат, қоғамдық қауіпсіздік, денсаулық сақтау және мемлекеттік органдардың қызметіне қатысты қоғамда кеңінен талқыланған жалған ақпараттар енгізілді.
Орталықтың мәліметінше, мұндай хабарламалардың басым бөлігі фактілерді бұрмалау, ұғымдарды алмастыру және ақпаратты эмоциялық тұрғыдан ұсыну тәсілдеріне негізделген. Әрбір жағдай бойынша уәкілетті мемлекеттік органдардың ресми түсіндірмелері және қолданылған манипуляциялық әдістердің талдауы ұсынылған.