Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Жаңалықтар

Белгілі режиссер Ардақ Әмірқұлов өмірден өтті

Белгілі режиссер Ардақ Әмірқұлов өмірден өтті
Сурет ашық дереккөзден алынған

Белгілі қазақстандық режиссер Ардақ Әмірқұлов дүниеден өтті. Бұл туралы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды Arasha.kz, Bairaq_Media-ға сілтеме жасай отырып.

Министрліктің мәліметінше, Ардақ Әмірқұлов ұлттық кино өнерінің дамуына өмірін арнап, қазақстандық кинематографияның қалыптасуына елеулі үлес қосқан.

Сонымен қатар ол ұзақ жылдар бойы педагогикалық қызметпен айналысып, тәлімгер ретінде бірнеше буын кинематографистің кәсіби қалыптасуына ықпал етті.

Ардақ Әмірқұловтың ең танымал туындыларының қатарында «Отырардың күйреуі», «Абай», «Қош бол, Гүлсары!» фильмдері бар. Оның еңбектері қазақ киносының алтын қорына енген.

Марқұмның туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтамыз.