Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Жаңалықтар

Жол бойында дәрет сындырмаңыз: «ҚазАвтоЖол» жүргізушілерге үндеу жасады

Жол бойында дәрет сындырмаңыз: «ҚазАвтоЖол» жүргізушілерге үндеу жасады
Фото: Видеодан кадр

«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы республикалық маңызы бар автожолдармен қатынайтын жүргізушілер мен жолаушыларға маңызды үндеу жасап, жол жиегіне дәрет сындырмауға шақырды, деп хабарлайды Arasha.kz.

Компания өкілдерінің айтуынша, жол бойындағы демалыс алаңдары мен санитарлық тораптар арнайы осы мақсатта орнатылған. Алайда кейбір азаматтар кезек күтуді қаламай, дәретхананың орнына жол шетіндегі шөп арасына дәрет сындырады.

Мұндай әрекеттердің салдарынан жол бойында жағымсыз иіс пайда болып, қоқыс көбейеді. Соның нәтижесінде санитарлық талаптар бұзылып, айнала антисанитарлық жағдайға ұшырайды. Бұл өз кезегінде басқа жол пайдаланушыларға да қолайсыздық туғызады.

Осыған байланысты «ҚазАвтоЖол» азаматтарды қоғамдық мәдениетті сақтауға, табиғатты ластамауға және жол бойында орнатылған дәретханаларды пайдалануға шақырды.

«Аздап кезек күтуге тура келсе де, санитарлық тораптарды пайдаланыңыздар. Тазалық – әрқайсымыздың жауапкершілігіміз», – деп мәлімдеді ұлттық компания.