Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Жаңалықтар

Бишімбаевтың анасы менен 25 млн теңгеге жуық қаржы өндіріп алмақшы

Бишімбаевтың анасы менен 25 млн теңгеге жуық қаржы өндіріп алмақшы
Коллаж: Arasha.kz

Назым Қахарман бұрынғы күйеуі, сотталған экс-министр Қуандық Бишімбаевтың анасы Альмира Нұрлыбекованың өзіне қатысты 25 миллион теңгеге жуық сома өндіру туралы талап арыз бергенін мәлімдеді, деп хабарлайды Arasha.kz.

Оның айтуынша, бұл – Бишімбаевтар отбасының соңғы екі жыл ішінде өзіне қарсы жолдаған төртінші талап арызы. Ал бұрынғы енесі тарапынан берілген алғашқы талап осы екен.

Қахарманның сөзінше, дау оның екінші баласы дүниеге келгеннен кейін сенімгерлік басқаруға алған фитнес-клубқа байланысты туындаған. Айтуынша, клуб орналасқан ғимарат Альмира Нұрлыбекованың атына рәсімделген, ал өзі бизнесті сенімгерлік басқару шарты негізінде жүргізген.

«Ол кезде өзімді жақсы отбасыға келдім деп ойладым. Кейін сенімгерлік басқару шартының осындай дауға негіз болуы мүмкін екенін түсіндім. Енді бірнеше жылдан кейін осы бизнес арқылы түскен қаражатты қайтаруды талап етіп отыр», – деді ол.

Сондай-ақ Қахарман бұл жағдайдан кейін өзі де сотқа жүгінуді жоспарлап отырғанын айтты. Оның сөзінше, бұрынғы жұбайынан алимент толық көлемде төленбеген, сондықтан ол алимент өндіру туралы талап қоюды көздеп отыр.