Үндістанның Джаркханд штатында ауа райының қолайсыздығы салдарынан кемінде 20 адам көз жұмды. Қайғылы жағдайға найзағай себеп болған, деп хабарлайды Arasha.kz.
Қаза тапқандардың басым бөлігі Гиридх округінде тіркелген.
Мәліметке сәйкес, аталған округте 11 адам найзағай соғуынан көз жұмған. Сонымен қатар қолайсыз ауа райы штаттың өзге де бірқатар аудандарына айтарлықтай залал келтірген.
Үндістанның Метеорологиялық департаменті алдағы үш күнге қауіптің «қызғылт сары» деңгейін жариялады.
Соңғы тәуліктерде Джаркханд штатында муссондық жауын күшейіп, нөсер мен найзағай жиілеген.
Бұған дейін, 5 тамызда, жергілікті полиция осы штатта найзағай соғуы салдарынан 13 адамның қаза тапқанын хабарлаған еді.