Нигердің оңтүстігінде екі автобус соқтығысып, кемінде 22 адам қаза болды. Тағы 37 жолаушы түрлі жарақат алған, деп хабарлайды Arasha.kz.
Жол апаты 7 тамыз күні кешкі уақытта Мадауа қаласынан шамамен 50 шақырым жерде болған. Алдын ала мәлімет бойынша, автобустардың бірі әскери қызметшілерді тасымалдаған. Апат салдарынан қаза тапқандардың 17-сі әскери қызметші екені белгілі болды.
Оқиғадан кейін тиісті органдар жол апатының нақты себептерін анықтау үшін тергеу жұмыстарын бастаған.
Аталған қайғылы жағдай Нигерде жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары күшейтіліп жатқан кезеңде болып отыр. Сахель аймағының едәуір бөлігін алып жатқан елде жол-көлік оқиғалары әлі де өзекті мәселелердің бірі саналады.
Ұлттық жол қозғалысы қауіпсіздігі агенттігінің дерегінше, 2025 жылы Нигерде 7 мыңнан астам жол апаты тіркелген. Оның салдарынан 1,2 мыңнан астам адам көз жұмып, 4,4 мыңнан астам адам ауыр жарақат алған.