Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Жаңалықтар

Қазақстандық спортшы Гузал Ергешева Англияда көз жұмды

Қазақстандық спортшы Гузал Ергешева Англияда көз жұмды
Сурет: скриншот

Қазақстандық спортшы, пауэрлифтер Гузал Ергешева 8 тамызда Англияда өмірден өтті. Ол аталған елде жұбайымен бірге тұрған, деп хабарлайды Arasha.kzBairaq Media-ға сілтеме жасап.

Қаралы хабарды тележүргізуші Адель Оразалинова (Адель Смит) әлеуметтік желіде жеткізді. Оның айтуынша, Гузал екеуі 30 жылға жуық уақыт бойы жақын құрбы болған.

Адель Оразалинованың сөзінше, спортшы түнде ұйықтап жатқан кезінде кенеттен қайтыс болған. Сол күні Гузал  жұбайының туыстарымен уақыт өткізіп, кейін құрбысымен де кездескен.

«Ол жүрегі махаббатқа толы, сүйікті, жарқын адам еді. Болашаққа құрған жоспары көп болатын және достыққа адал еді», - деп жазды Адель Оразалинова.

Қазіргі уақытта Гузал Ергешеваның отбасы спортшының денесін Қазақстанға жеткізу мәселесімен айналысып жатыр.