Астанада жасанды интеллект бойынша IOAI 2026 халықаралық олимпиадасы аяқталды. Қазақстан құрамасының сегіз мүшесі де екі алтын, екі күміс және төрт қола медаль алып, жүлдеге ие болды, деп хабарлайды Arasha.kz.
Олимпиададағы үздік нәтижелердің бірін қазақстандық Даужан Бекетов көрсетті. Ол IOAI 2026 абсолюттік рейтингінде екінші орын алды.

Ортада: олимпиаданың 500 қатысушысы арасында екінші орын алған Даужан Бекетов
Олимпиада Астанада 2-8 тамыз аралығында өтіп, әлемнің түкпір-түкпірінен жасандыинтеллект саласындағы ең мықты жас мамандарды жинады. IOAI 2026 бас серіктесі Kaspi.kz болды.

Kaspi.kz Қазақстанда жасанды интеллектті белсенді дамытып келеді. Биыл компания толығымен қазақстандық команда әзірлеген Kasper жеке AI-көмекшісін таныстырды.
Мұндай технологиялар Қазақстанда алдағы уақытта да жасалуы үшін елге таланттыбағдарламашылар, инженерлер мен зерттеушілер қажет. Сондықтан Kaspi.kz жас IT-мамандарды, спорттық бағдарламалау, жасанды интеллект және киберқауіпсіздік бойыншажарыстарды қолдайды, Қазақстанның Спорттық бағдарламалау федерациясыменынтымақтастық орнатып, ұлттық құраманы халықаралық жарыстарға дайындауғакөмектеседі.
Михаил Ломтадзе, Kaspi.kz басшысы әрі негізін қалаушылардың бірі:

«Технология жасағанда, ең алдымен өзіңе: «Мен қандай керемет технология жасадым?» деген емес, «Бұл технология басқа адамдардың өмірін қалай өзгертеді?» деген сұрақ қоюкерек. Технологияны технология үшін емес, адамдар үшін жасау қажет.
Сонымен қатар адамның құндылықтары да аса маңызды - жақсы мен жамандыажырата білу және технологияны басқа адамдардың өмірін жақсарту үшін пайдаланукерек.
Елдің болашағы жас әрі талантты балалардың жетістігіне байланысты. Біз үнемібілім алып, дамып, өзгелерге үлгі болып, әлемнің түкпір-түкпіріндегі өзі сияқтыталантты жастармен танысып жүрген балаларды қолдағымыз келеді. Болашақдегеніміз осы».
Халықаралық олимпиадалардағы жетістіктің артында қатысушылардың таланты мен орасан еңбегі ғана емес, бірнеше айға созылған дайындық, жаттықтырушылардыңжұмысы, оқу-жаттығу жиындары және халықаралық жарыстарға қатысу тәжірибесі тұр.

Ұлықбек Османов пен Жәнібек Қасымхан, IOAI 2026 қола жүлдегерлері
Бағдат Мусин, Қазақстанның Спорттық бағдарламалау федерациясының президенті:

«Бүгінде Kaspi сияқты технологиялық алпауыттар тек өздері туралы ғана ойламайды. Компания үлкен финтех және e-commerce платформасын құрды, енді бүкіл нарықты, тұтас индустрияны дамыту қажет. Сондықтан бизнестің мұндай іс-шараларғақатысуы және қолдау көрсетуі - қоғам алдындағы жауапкершілік. Соның арқасындаиндустрия дамып, жаңа стартаптар мен жаңа идеялар пайда болады. Бұл тек Қазақстанда емес, бүкіл әлемде жүзеге асады, оған қазақстандық оқушылар мен жастар да өз үлесін қосып келеді».
IOAI 2026 тек жарыс қана емес, түрлі елдерден келген талантты оқушылар, ғалымдар, әзірлеушілер мен сарапшылардың басын қосқан алаңға айналды. Қатысушылар жаңазерттеулерді талқылап, білім және идеяларымен бөлісті, кәсіби байланыстар орнатты. Жасқатысушылар үшін бұл технология мен оның болашағына қызығушылық танытатынхалықаралық қауымдастықтың бір бөлігі болуға мүмкіндік.
Әнуар Аймолдин, IOAI Халықаралық ғылыми комитетінің мүшесі

«Менің ойымша, ертеңгі күнді ойлайтын компаниялар осындай іс-шараларға қатысады. Өйткені олар зерттеулерге барынша жақын. Біріншіден, бұл - әлемнің ең мықтыталанттарының назарына ілігу мүмкіндігі. Екіншіден, жаһандық жасанды интеллект саласының дамуына өз үлесін қосуға жол ашады».
Осындай ауқымдағы халықаралық олимпиаданы Қазақстан өте қысқа мерзім ішінде өткізе алды. Дайындыққа небәрі төрт ай уақыт кеткен.
Елена Маринова, IOAI Халықаралық кеңесінің негізін қалаушылардың бірі әрі төрағасы:

«Олимпиаданы Қазақстанда өткізу туралы шешім қабылданған сәттен бастапжергілікті компаниялар бірден қолдау көрсете бастады. Реакция өте жылдам болды. Қазақстан бұл олимпиаданы небәрі төрт айдың ішінде ұйымдастыра алды. Бұлшынымен таңғаларлық нәтиже».
Қазақстанның Спорттық бағдарламалау федерациясы серіктестерімен бірге ұлттық құрамамүшелерін ынталандыру туралы шешім қабылдады. Бас серіктес Kaspi.kz және бриллиант демеуші Freedom Holding Corp. қолдауымен жүлдегерлерге мынадай сыйақылар беріледі:
• алтын медаль - 6,5 млн теңге (1500 АЕК баламасы);
• күміс медаль - 4,3 млн теңге (1000 АЕК);
• қола медаль - 2,2 млн теңге (500 АЕК).
Ұлттық құраманың тәлімгерлері жүлдегерлерді дайындағаны үшін 2 млн теңгеден алады.
IOAI 2026 аяқталды, алайда қазақстандық бағдарламашылардың, зерттеушілердің жәнежасанды интеллект саласы мамандарының жаңа буынын даярлау жалғасады.

Бүгінгі олимпиада қатысушылары ертең жаңа технологиялар мен өнімдерді жасайды. Қазақстан құрамасының IOAI 2026 олимпиадасындағы сегіз медалі елімізде әлемнің еңмықтыларымен бәсекеге түсе алатын жас мамандардың бар екенін көрсетті. Kaspi.kz үшін Қазақстанда технологиялар жасау және елдің технологиялық дамуын алға бастайтын таланттардың жаңа буынын қалыптастыруға үлес қосу маңызды.