Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Жаңалықтар

«50-ге келгенде төсін ашып»: Мәдина Сәдуақасованың образы сынға қалды

«50-ге келгенде төсін ашып»: Мәдина Сәдуақасованың образы сынға қалды
Сурет: скриншот

Танымал әнші Мәдина Сәдуақасова әлеуметтік желідегі парақшасында жаңа видео жариялап, көпшіліктің назарына ілікті, деп хабарлайды Arasha.kz.

Өнер иесі әнші Луинаның туған күніне арналған кештен естелік кадрлармен бөліскен. Видеода Мәдина Сәдуақасова ашық түсті, кеуде тұсы терең ойылған киіммен көрінеді.

Алайда әншінің образы желі қолданушыларының бір бөлігіне ұнамай, қызу пікірталас тудырды. Кейбір оқырмандар оның киімін жасына сай емес деп бағалап, ашық образын сынға алған.

«Күйеуі қайда қарайды?», «Төс көрсетуден жарыс болып жатыр ма?», «Төсін сонша ашқаны несі?», «Жас емессің ғой, жасыңа сай киінейші», «50-ге келіп мұнысы несі?», «Қарап ұялып кеттік қой», «Омырау ашудың не керегі бар мына жаста?», «Қуып кетті», – деп жазды желі қолданушылары.

Сонымен қатар пікір білдірушілер арасында әншінің сырт келбетін қолдап, әр адамның киім таңдауына өзі ерікті екенін айтқандар да бар.