Танымал жұлдызды жұп Мирас пен Құралай жаңа құдаларын қарсы алып, екінші қыздарын ұзатуға дайындалып жатыр, деп хабарлайды Arasha.kz.
Өнер иелері қуанышты жаңалығымен әлеуметтік желідегі парақшаларында бөліскен. Отбасы құдалық және сырға салу рәсімін өткізіп, жақындарының басын қосқан.
Алайда көпшіліктің назарын тойдағы ерекше сәттердің бірі аударды. Желі қолданушылары Мирас пен Құралайдың жақын досы, Димаш Құдайбергеннің әкесі Қанат Айтбаевтың ортаға шығып билегеніне тәнті болды.
Желіде тараған видеода Қанат Айтбаевтың тойдың сәнін келтіріп, көпшілікпен бірге көтеріңкі көңіл күйде билеп жүргенін көруге болады.
«Қанат мырза керемет билейді екен», «Димаштың папасының биі күшті», «Димаштың әкесі биді қатырды», «Өзіне жарасып тұр», «Құдалық мың жылдық болсын», «Жастар бақытты болсын», - деп жазды желі қолданушылары.
Көпшілік өнер иесінің биіне жоғары баға беріп, жас жұбайларға бақыт, ал екі әулеттің құдалығына береке тіледі.