Танымал заңгер Мейірман Шекеев өзінің үстінен іс қозғалғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Arasha.kz, Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап.
Заңгер бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында жазып, қазіргі жағдайына қатысты пікір білдірді.
«Маған алаңдап, жан-жақтан жағдайымды сұрап жатқан жандардың барлығына басым жерге тигенше рақметімді айтамын! Ерім дейтін елім барда, ештеңеден тайсалмаймын!!! Ел басында да жүрегі қазақ деп соғатын ерлер табылатын шығар деп ойлаймын!» - деп жазды Мейірман Шекеев.
Әзірге заңгердің үстінен қозғалған істің нақты мән-жайы мен қандай бап бойынша тергеу жүріп жатқаны туралы толық ақпарат жарияланған жоқ.
Мейірман Шекеевтің мәлімдемесі әлеуметтік желі қолданушыларының назарын аударып, оқырмандар арасында қызу талқыланып жатыр.