Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Жаңалықтар

Жол апатынан бір отбасының үш мүшесі қаза тапты

Жол апатынан бір отбасының үш мүшесі қаза тапты
Коллаж: Stan.kz

Шымкент–Бадам тас жолында болған жантүршігерлік жол апатынан үш адам көз жұмды. Қайғылы оқиғада 44 жастағы әйел, оның 17 жастағы қызы және 11 жастағы жиені қаза болған, деп хабарлайды Arasha.kz.

Туыстарының айтуынша, марқұмдар Арыстан Шымкентке мектепке қажетті киім-кешек пен оқу құралдарын сатып алу үшін жолға шыққан. Алайда олар діттеген жеріне жете алмай, жол-көлік оқиғасына тап болған.

Қаза тапқандардың жақындары апаттың қалай болғанына қатысты бірқатар сұрақ бар екенін айтып отыр. Олардың сөзінше, жол апатына жүк көлігі қатысқан. Туыстары жүк көлігі жоғары жылдамдықпен келе жатқан болуы мүмкін екенін алға тартты.

Сондай-ақ марқұмдардың жақындары жүк көлігінің жүргізушісі тежегішке қатысты әртүрлі жауап бергенін айтып, жол апатының нақты себебін анықтауды сұрап отыр.

Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Жол-көлік оқиғасына қатысты тергеу жүргізіліп, апаттың нақты себептері мен оған кімнің кінәлі екені тиісті органдардың қорытындысынан кейін белгілі болады.

Қайғылы оқиға қаза тапқандардың отбасына ауыр қайғы әкелді. Марқұмдардың туыстары тергеудің әділ әрі жан-жақты жүргізілуін күтетінін жеткізді.