Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Жаңалықтар

Астанада балаларға шабуыл жасаған ер адам 20 жылға сотталды

Астанада балаларға шабуыл жасаған ер адам 20 жылға сотталды
Коллаж: видеодан кадр

Астанада ВИЧ-инфекциясын жұқтырғанын біле тұра, кәмелетке толмаған қыздарға шабуыл жасаған 30 жастағы ер адам 20 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Arasha.kz.

Маусым айында Астана соты оған қатысты үкім шығарған. Кеше апелляциялық шағым қаралып, сот шешімі заңды күшіне енді. Бұл туралы “Не молчи” қоры жазды. 

Іске қатысты мәліметтерге қарағанда, ер адам бұған дейін бес рет сотталған. Өткен жылдың шілдесінде ол алдымен бірнеше қызға шабуыл жасаған. Оны көршілері ұстап, полиция шақырғанымен, күдікті кейін босатылған.

Ер адам келесі күні 12 және 2 жастағы екі апалы-сіңліге шабуыл жасаған. Ол қыздардың бірін ішінен ұрып, жерге құлатып, тұншықтырған. Қаскөй кішкентай қызды мойнынан көтерген кезде, 12 жастағы әпкесі оны тістеп, қарсылық көрсеткен. Осылайша балалар аман қалған.