Рахат Сәрсенов 100 жылқымды жымқырды деген кәсіпкер басқа жылқышысы туралы сөз қозғады, деп хабарлайды Arasha.kz.
Оның сөзінше, екінші жылқышысы да 28 жылдан бері қол астында екен.
“Осыған дейін мал жоғалтпады. Жауаркершілігі өте жоғары бала. Қай жерде қанша мал бар екенін бәрін біледі”, - дейді ол.
Айта кетейік, Тәжіғали Елеуовтің айтуынша, Рахат Сәрсенов ұзақ жылдар бойы қожалықта жұмыс істегенімен, оның арақ ішкеніне және бұған дейін бірнеше бас жылқының жоғалуына көз жұма қараған. Алайда соңғы оқиғадан кейін құқық қорғау органдарына жүгінуге мәжбүр болғанын айтты.
Оның сөзінше, бұл іске бір ғана адам емес, қылмыстық топ қатысы бар. Тіпті олардың бірі сот үкімімен жазасын өтеп жатқан көрінеді. Сондай-ақ Елеуов әлеуметтік желіде тараған «Рахат Сәрсенов толық ақталды» деген ақпараттың шындыққа сәйкес келмейтінін мәлімдеді.
«Біреулер оны әлеуметтік желіде қаралым жинау үшін “байдан зәбір көрген қаһарман” ретінде көрсетіп отыр», – деді ол.