Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Жаңалықтар

Жарылғыш затты залалсыздандыру кезінде 4 құтқарушы мен күзетші қаза тапты

Жарылғыш затты залалсыздандыру кезінде 4 құтқарушы мен күзетші қаза тапты
Фото: freepik

Севастопольде дрон шабуылынан кейін аумақты залалсыздандыру жұмыстары кезінде бес адам қаза тапты. Қаза болғандардың төртеуі - Ресей ТЖМ-нің пиротехниктері, тағы бірі нысанның күзетшісі, деп хабарлайды Arasha.kz.

Севастополь губернаторы Михаил Развожаевтың мәліметінше, ТЖМ қызметкерлері ұшқышсыз аппараттардың шабуылынан кейін аумақты тексеріп жатқан кезде оқ-дәрілердің бірі жарылған.

Қаза болған пиротехниктердің барлығы тәжірибелі мамандар болған. Олар бұған дейін Севастопольде, Донбаста және Курск облысында залалсыздандыру жұмыстарын жүргізген.

Жарылыс салдарынан 40 жастағы Антон Чудаков, 42 жастағы Александр Панчук, 29 жастағы Артем Дуплин және 49 жастағы Роман Пилипчук қаза тапқан. Сонымен қатар нысан күзетшісі Василий Староверов көз жұмды.

Қала билігі қаза болғандардың отбасыларына қажетті көмек көрсетілетінін мәлімдеді.

Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.