Қайрат Нұртастың інісі Заңғар Нұртас пен оның жары Индира Мәуленова әлеуметтік желіге жаңа бейнежазба жариялап, көпшіліктің назарына ілікті, деп хабарлайды Arasha.kz, Qazaq Today-ге сілтеме жасап.
Желі қолданушылары видеодағы Индира Мәуленованың образына назар аударып, оның аяғы ауыр болуы мүмкін екенін болжаған. Сонымен қатар келіннің киім үлгісін сынағандар да табылды.
«Аяғы ауыр екен», «Аман-есен босанып алсын», «Осы келіні ұнамайды маған», «Іштеріңді жаппаңдар!», «Кең көйлек кимейсіңдер ме?», «Беделді адамдар шығыпты ғой», «Заңғарға осы келіншегі жарасымды», «Келесісі қыз болсын», «Атақтылар», - деп жазды желі қолданушылары.
Көпшіліктің пікірінен кейін Индира Мәуленова да үнсіз қалмай, парақшасында жауап берді.
«Мына комментарийлерден кейін аз керек екенін түсіндім», - деп жазды ол.
Айта кетейік, күні кеше Қайрат Нұртас кіші қызы Рабия-Бегімнің 1 жасқа толуына орай дүркіретіп той өткізді. Кешке әншінің отбасы, жақындары мен өнердегі достары қатысты.