Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Жаңалықтар

Отбасы банк басшысы Қазақстандағы баспана бағасы тым қымбат емес екенін айтты

Отбасы банк басшысы Қазақстандағы баспана бағасы тым қымбат емес екенін айтты
Фото: freepik

Қазақстандағы тұрғын үй бағасына қатысты пікірталас Taldau Talks подкастында өрбіді. Баға мәселесін «Отбасы банк» басшысы Ләззат Ибрагимова мен экономист Елдар Шамсутдинов талқылады, деп хабарлайды Arasha.kz.

Экономистің айтуынша, соңғы уақытта мегаполистердегі жылжымайтын мүлік бағасы 8,6%-ға өсіп, инфляция қарқынынан асып кеткен. Ал халықтың табысы тұрғын үй құнының өсуіне ілесе алмай отыр. Бұл ипотекалық несиеге сұраныстың артуына әсер еткен.

Елдар Шамсутдиновтың пікірінше, нарықтағы нақты төлем қабілетті сұраныстың орнын біртіндеп несиелік сұраныс басып келеді. Бұған қоса, зейнетақы жинағын тұрғын үй сатып алуға пайдалану мүмкіндігі де баспана нарығындағы сұранысты арттырған.

Алайда Ләззат Ибрагимова бұл пікірмен келіспейді. Оның сөзінше, соңғы 20 жылда Қазақстанда пайдалануға берілетін тұрғын үй көлемі жылына 5 млн шаршы метрден 20 млн шаршы метрге дейін артқан.

Банк басшысы тұрғын үй бағасы басқа тауарлар мен қызметтердің құнымен салыстырғанда шамадан тыс өспегенін атап өтті. Оның пікірінше, «баспана тым қымбат болғандықтан бағасы төмендейді» деген ұстаным дұрыс емес.

Сонымен қатар, статистикалық мәліметтер тұрғын үй құнының айтарлықтай өскенін көрсетеді. 2016 жылы Қазақстанда жаңа тұрғын үйдің бір шаршы метрінің орташа бағасы 252,7 мың теңге болса, 2026 жылы бұл көрсеткіш 617,5 мың теңгеге жеткен.