Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Жаңалықтар

Канье Уэсттің Алматыдағы концерті ертеңге ауыстырылды

Канье Уэсттің Алматыдағы концерті ертеңге ауыстырылды
Фото: әлеуметтік желіден

Алматыда бүгін өтуі тиіс болған америкалық рэпер Канье Уэсттің концерті қолайсыз ауа райына байланысты кейінге қалдырылды, деп хабарлайды Arasha.kz.

Қалада концерт қарсаңында қатты жел соғып, найзағай ойнап, нөсер жаңбыр жауған. 

Өнерпаздың Орталық стадионда өтетін шоуы енді 15 тамызға ауыстырылды.

Ұйымдастырушылардың мәліметінше, бүгінгі концертке сатып алынған билеттер ертең де жарамды болады. Яғни көрермендер билет ауыстырудың қажеті жоқ, сол билетімен ертеңгі кешке кіре алады.

Концертке мыңдаған көрермен жиналуы күтілген еді. Алайда қауіпсіздік мақсатында ауа райына байланысты шараны кейінге қалдыру туралы шешім қабылданды.