«Қазгидрометтің» мәліметінше, атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Кей аймақтарда жел күшейіп, бұршақ жаууы мүмкін, деп хабарлайды Arasha.kz.
Еліміздің батысында және Қызылорда облысында күн ашық болады. Батыста, солтүстік-батыста, солтүстікте және орталықта түнде және таңертең тұман түседі.
15 тамызда Қостанай облысында, 15-16 тамызда Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстарында, 16 тамызда Павлодар облысында қатты жаңбыр жаууы ықтимал.
Еліміздің батысында күндіз ауа температурасы 18-26°-тан 25-33°-қа дейін жылы болады.
Ақтөбе облысында айтарлықтай өзгерістер күтілмейді: негізгі температуралық фон 20-30° жылы болады.
Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында ауа температурасы түнде 15-20°-тан 7-12°-қа дейін, күндіз 20-30°-тан 15-20°-қа дейін;
Ақмола және Павлодар облыстарында түнгі ауа температурасы 15-20°-тан 10-15°-қа, күндіз 30-35°-тан 17-25°-қа дейін;
Орталық және шығыс өңірлерде күндізгі ауа температурасы 34-39°-тан, 40-41°-тан 23-33°-қа дейін;
Қазақстанның оңтүстігінде күндізгі ауа температурасы 38-44° қатты ыстықтан 30-37°-қа дейін;
Еліміздің оңтүстік-шығысында күндіз ауа температурасы 34-39°, өңірдің солтүстігінде 40-43° өте қатты ыстықтан 30-36°-қа дейін төмендейді.