Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Жаңалықтар

Астана маңында аттан құлаған қыз ауруханада көз жұмды

Астана маңында аттан құлаған қыз ауруханада көз жұмды
Коллаж: ult.kz

Елорда маңындағы ат-спорт клубтарының бірінде орын алған қайғылы оқиға салдарынан 33 жастағы Астана тұрғыны Жазира Қызылбаева өмірден өтті, деп хабарлайды Arasha.kz.

Ол бір айдан астам уақыт бойы ес-түссіз комада жатқан.

Оқиға шілде айының басында Целиноград ауданындағы «Атлант» ат-спорт клубында орын алған. Жақындарының айтуынша, марқұмның атқа міну тәжірибесі жеткілікті болған. Серуен кезінде асау жануар үркіп, бойжеткен атты тоқтата алмай қалған. Соқтығысу мен құлау салдарынан ол ауыр бас-ми жарақатын алды.

Дәрігерлердің емдеу шараларына қарамастан, науқас 13 тамыз күні ауруханада көз жұмды.