Түркияның Алания қаласында қазақстандық әйелге сексуалдық зорлық жасады деген күдікпен Сирия азаматы қамауға алынды, деп хабарлайды Arasha.kz.
Алдын ала мәлімет бойынша, әйел мен күдікті түнде танысып, кейін бірге қонақүйге барған. Біраз уақыттан соң ер адам қонақүйден жалғыз шығып кеткен.
Кейін қазақстандық әйел 112 қызметіне хабарласып, өзіне сексуалдық зорлық жасалғанын және ұялы телефонының ұрланғанын мәлімдеген.
Полиция күдіктіні жағалау маңынан ұстап, тергеуден кейін сотқа жеткізді. Сот шешімімен ол тергеу аяқталғанға дейін қамауға алынды.